Саясат
Атырау қалалық әкімдігінде – жаңа тағайындау
Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Жұмабек Жұмағалиев тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімінің орынбасары Ерболат Умаров оның қызметіне сәттілік тіледі.
Жұмабек Оспанұлы 1982 жылы туылған. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде кеден ісі, 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қаржы мамандықтарын меңгеріп, 2020 жылы Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университетінде заң ғылымдарының магистрі атанған. 2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Ал, жаңа қызметке дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Әділет АМАНГЕЛДІ