Жарнама
Саясат

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов әлеуметтік желілерде жеке парақшасын ашты

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Facebook, Instagram әлеуметтік желісінде халықпен кері байланыс орнату үшін жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

⁃ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалып, жұмысқа кірістім. Осы уақыт ішінде тілеулестік танытып, сәттілік сәлемін жолдаған жандарға рақметімді айтамын. Жұртпен қарым-қатынас орнатып, халықпен кері байланысты арттыру үшін әлеуметтік желілерде жеке парақшамды ашуды жөн санадым. Ендігі ретте осы платформа арқылы маңызды дүниелермен бөлісіп отырамын және облысымызды өркендету жолындағы ұсыныс-пікірлеріңізге ашықпын, деді С. Шәпкенов. 

Облыс басшысы Атырау — экономикалық потенциалы жоғары өлке екендігін атап өтіп, өңірдің ел дамуы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

⁃ Маған облыстың тыныс-тіршілігі таныс. Бұған дейін сіздермен бірге бірнеше жыл Атыраудың дамуы жолында жұмыс істедім. Алдағы уақытта облысты жаңғырту жолындағы жұмыстарды жалғастыруда білімім мен тәжірибемді, күш-қуатымды жұмсауға дайынмын, деді өңір басшысы.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100080333530968

https://www.instagram.com/invites/contact/?i=8e73xuy7lk1s&utm_content=oa1ipfr

Related Articles

One Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button