Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетСаясатШаһар шырайыҚоғам

Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды (+ФОТО)

Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды.

FB_IMG_1547917630267

Атырау облыстық сотының бастамасымен Атырау қаласындағы Достық үйі ғимаратында «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орталықтарды ашудың басты мақсаты дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын кеңінен қолдану, сондай-ақ, неке-отбасылық, соның ішінде, неке бұзу процесінен туындайтын даулар санын азайту болып табылады.

FB_IMG_1547917636799
Өз сөзінде Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршинов отбасылық құндықтарды сақтау және республика азаматтары арасында берік қарым-қатынасты нығайтуда сот жүйесі тарапынан елеулі күш-жігер жұмсалғанын атап көрсетті.
— Тәртіп пен заң өзгерсе де, отбасылық құндылықтар өзгермейтін киелі әрі мәңгілік ұғым. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алады. Сондықтан, осындай орталықтарды құра отырып, белгілі бір биліктің өкілі ретінде біз азаматтарға отбасын сақтауда көмек көретуге барлық жағдайларды жасауымыз қажет, — дейді Манат Көміршинов.

FB_IMG_1547917632636

Айта кетейік, орталықта қызмет етуге этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар, қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орталықтардың өкірдері тартылды.

FB_IMG_1547917634925

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button