Жарнама
Саясат

Атырау облысының әкімі Өзбекстанның Бас консулын қабылдады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Атабек Тұрсынбековты қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көші-қон және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.

Серік Шәпкенов көрші ел Атырау облысының сыртқы сауда байланыстарында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мәселен өткен жылы Атырау облысы мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 45,2 млн АҚШ долларын құрады. Ал өңірде көтерме және бөлшек сауда, қызмет көрсету, құрылыс салаларында өзбек капиталы бар 91 кәсіпорын тіркелген.

Бас консул Атабек Тұрсынбековтың айтуынша, аймақтағы жоғары оқу орындарында 200-ге жуық өзбекстандық білім алып жатыр.

Кездесу барысында аймақ басшысы тараптардың өңірлік деңгейде бірлесіп жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button