Атырау облысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех іске қосылды
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік стратегиялық бағдарламасы аясында «ИСИ Гипс Индер» ЖШС-і құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехын іске қосты, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты іс-шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков қатысты.
«Цех тәулігіне 20-30 тонна өнім шығарады деп күтілуде. Отандық өнім — ел игілігі үшін қолданылатын болады. Біздің шағын ауылдарымыз осындай нысандар жұмыс істейтін өндірістік орталыққа айналады деп сенемін.
Қара алтынмен аты шыққан Атыраудың аты енді жерасты қазба байлығын кәдеге жаратумен тағы бір мәрте таныла түспек. Елімізде тауар өндірушілерді қолдаудың көптеген шаралары жүзеге асып жатқанын да атап өткеніміз жөн», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары
Серік Айдарбеков.
Серіктестік директоры Жолдас Үмбетияровтың айтуынша, жобаның жалпы құны 160 млн теңгені құрайды.
» Құрғақ құрылыс қоспалары мен ұсақ өнімдер шығаратын зауыттың жылдық қуаты 10 000 тонна. Тәулігіне 20-30 тонна өнім шығаратын цехтың жалпы шығаратын өнімі (фуген) 25 келілік сылақ аяқтау жабыны (финишная шпаклевка) жұмыстарына пайдаланылады.
Өндірілген өнімге сұраныс жоғары болып отыр» дейді ол.
Соңғы жылдары елімізде құрылыс жұмыстары қарқын алғаны белгілі. Сондықтан, цех әріптестік байланыс аясында өндірісті нығайтуды жоспарлауда.