
Саясат
Атырау облысы бойынша сайлауға 73 кандидат тіркелген
Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде саяси партия тарапынан ұсынылғандар – 39, өзін-өзі ұсынғандар – 34 адам.
- Ұсынылған 73 кандидаттың қазіргі уақытқа дейін тіркелгені — 66 адам. Оның тең жартысы саяси партиялар тарапынан ұсынылғандар, қалған 33 адам өзін-өзі ұсынғандар. Саяси партияның кандидаттары 18 сайлау округі бойынша тіркелді. Оның ішінде 15 кандидат «Nur Otan» партиясынан, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ жол» ҚДП – 2, «ADAL» саяси партиясы – 2, ҚХП – 7 және ЖСДП – 2 кандидаттан ұсынды, – деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Түрлі себептерге байланысты 11 кандидаттың өтініші кері қайтарылған.