Жарнама
Саясат

Атырау облысының әкімі Латвия елшілігі өкілдерін қабылдады

Іскерлік кездесу барысында латвиялықтар облыста өз жобаларын жүзеге асыруға ниетте екендерін мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-12-05 at 15.13.39 (1)

ҚР тәуелсіздік алған күннен бастап екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы түрлі салаларда дамып келеді және екі ел арасында достық қарым-қатынас орнаған. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осы мақсатта кез-келген жобаға облыстық әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.

– Өңіріміз қарқынды дамып келе жатқан облыстардың бірі. Облыста мұнай-газ саласымен қатар, ауыл шаруашылығы, өндірістік өнеркәсіп те даму үстінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ел экономикасын дамытып, саясатты әртараптандыру тапсырмасын алға қояды. Біз осы тапсырманы орындау бағытында инвесторларға, кәсіпкерлерге барлық жағдайды жасаймыз, – деді өңір басшысы.

Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті және Төтенше Елшісі Юрийc Погребнякс өз кезегінде жобаларға тоқталып өтті.

Атырау облысымен серіктестік орнату барысында өз жобаларымызды ұсынғымыз келеді. Облыста цифрландыру мен жасыл технологияны дамытып, жергілікті кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынаста болуға ниеттіміз, – деді Латвия елшісі.

Айта кетейік, кедендік статистикаға сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында Атырау облысының Латвия Республикасымен тауар айналымы 58,96 мың АҚШ долларды құрады. Бүгінде Латвиядан Атырау облысына фармацевтикалық өнімдер, химия өнеркәсібінің өнімдері мен препараттары, пропилен мен пластмассадан жасалған тауарларды тасымалдауға немесе орауға арналған өнімдер, контейнерлер тасымалданады. Ал Атырау облысынан Латвияға бастапқы пропилен мен олефиндердің полимерлері экспортталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button