Қаржыға – қатаң бақылау
Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық салада кезең-кезеңімен жүргізілген реформалар қазақстандықтардың ынтымағын арттырып, ырысын тасытты. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында бірқатар әлеуметтік мәселе қамтылды.
Бұл жолғы Жолдау халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы сынды көптеген мәселелерді шешуге бағытталып отыр.
Адам баласын бұл өмірде шыңға жетелейтін зор күш бар. Бұл – болашаққа деген сенім мен Отанның өсіп-өркендеуіне өз еңбегімен үлес қосамын деген үміті. Елбасы Жолдауында атап өткендей, нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі жөнінде бағаның өсуі, қаржыландыруға қолжетімділік, банктердің орнықтылығы – міне, осы мәселелер қазір жұрттың қызығушылығын туғызып отыр.
Елбасы әлеуметтік сектор екпінінің, қауіпсіздік және инфрақұрылымның бюджеттік шығындарының басымдылығын қайта қарауды тапсырды. ҚР Үкіметінің деректер бағытын жүзеге асырушы қазынашылық органы болып табылады. Халықты қамтамасыз ету сапасын, өнімді өсіруге бөлінген қаржы тікелей белгіленген реформаға нәтижелі түрде жолданады.
Қазынашылық органдарының мақсаты – бұл құрылысқа байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды, төртінші бюджеттік деңгейді жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіне енгізуді, мемлекеттік–жеке серіктестік жобаларын мемлекеттік міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асыруға бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын бақылау.Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында қазынашылық органдары елдің аумақтық-кеңістік дамуын белгілі бір кезеңге жеткізетін нәтижеге қажетті ресурстарды қосуда күш-жігерін аямайды.
Бақытжан ЖҰПТЫБАЕВ,
Атырау облысы Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.