АТЫРАУДА 1200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

7de19fe2 c446 4562 b714 0900f262b6fa Саясат

«Атырау қаласының «Береке» ықшам ауданындағы №42 орта мектептің ашылу салтанаты болып, оған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Егемендіктің 30 жылдық мерейтойында ашылған білім ордасы ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды Тәуелсіздік күнімен және мектептің ашылуымен құттықтады.

b918a9e2 8c02 4177 a1c7 e9f631d1a8c5

«Тәуелсіздік жылдары білім беру саласына айрықша көңіл бөлінді. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жаңартылып келеді. Осы уақыт ішінде облыс бойынша 95 мектеп пен 7 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары салынып, пайдалануға берілді. Келер жылы облыс бойынша 8 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы іс-шараларды күшейте береміз. Өйткені, жас буынның алаңсыз, сапалы білім алуына жағдай жасау — біздің басты мақсатамыз»,-деді М.Досмұхамбетов.

e8a8868d f815 492e 9030 12cfd14d8b62


Мерекелік іс-шарада ардагер ұстаз Ғабдолла Хамза сөз сөйлеп, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Ол өз заманында қазіргідей бар жағдай қарастырылған мектепте білім алу арман болғанын жеткізді. Бүгінгі игіліктің барлығы Тәуелсіздіктің жемісі екенін айта келіп, осындай мүмкіндік қарастырған облыс басшылығына алғысын білдірді.

a7355ce3 f4fb 4819 8c95 d78e8e149da6

Тұрғындар саны артып, көпқабатты үйлер салынып, көркейіп келе жатқан «Береке» ықшам ауданы халқы үшін бұл ерекше қуаныш.

Өйткені, осы ықшам ауданның 824 баласы білім ошағының болмауынан қаладағы басқа мектептерде білім алып келген болатын. Олар бұдан былай өз үйлеріне жақын заманауи оқу орнында оқиды.

6da62614 2b1c 4478 ae6e 80ec45b504ec

cddda57c 3e5f 4e56 a710 a10db5ba848e


8fc8a6a3 97b8 4c77 bf62 378095b6d33e


Айта кетейік, 1200 орындық екі қабат мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда 360 орындық мәжіліс залы, асхана, жазғы спорт алаңы мен спорт зал бар. Ал, спорт зал бокс, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, кіші аяқдоп спорт түрлеріне негізделіп салынған. Оған қоса мектепте арнайы қауіпсіздік үшін бейнебақылау бөлмесі қарастырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз