Жарнама
Саясат

«AMANAT»-та Атырау облысындағы бастауыш партия ұйымдарының жиындары өтті

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының биыл әкімдер сайлауы өтетін Қызылқоға және Исатай аудандарындағы бастауыш партия ұйымдарының жиындары өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Жиын барысында партия мүшелері «AMANAT»-тың аудандық филиалдарының конференциясына қатысатын делегаттарды сайлады. Ал конференцияда әкім лауазымына кандидаттар ұсынылатын болады.

Аққыстау бастауыш партия ұйымының аудандық емхананың акт залында медицина қызметкерлерімен өткен жиын барысында денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына арналған скрининг тізімі кеңейтілді. Бұл қадам 12 ауруды, оның ішінде бүйрек, асқазан және ішек, тыныс алу жолдарындағы және өзге де органдардағы ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Яғни, дәрігерлердің айлығы 30%-ға, ал орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 20%-ға жоғарылады.

Сондай-ақ, Қызылқоға ауданындағы Мұражай бастауыш партия ұйымының жиынына қатысушылар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын, «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button