![Алыстағы Азғыр ауылында белсенділік жоғары 1 img 20220605 wa0152](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/06/img-20220605-wa0152.jpg)
Саясат
Алыстағы Азғыр ауылында белсенділік жоғары
Шалғайдағы Азғыр ауылдық округіндегі №195, 196, 198 референдум учаскесінде 1394 дауыс беруші бар. Қазіргі таңда олардың белсенділігі жоғары.
Мәселен, Азғыр ауылына қарасты 196 референдум учаскесінің төрағасы Саяділ Мұқанәлиевтің хабарлауынша, қазіргі уақытта дауыс берушінің 233-і өз таңдауларын жасап үлгеріпті. «Бозкөл», «Сұлтан» , «Терек » «Ошағанды» учаскелеріндегі 50 малшыға өз өтініштері бойынша тасымалдау жәшіктері жеткізілді. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты референдум учаскесіне келе алмайтын 4 үйге тасымалдау жәшігі арқылы дауыс беру ұйымдастырылды.