Жарнама
Саясат

«Алғашқы рет таңдау жасап тұрмын»

Кәмелет жасқа толу болып саналатын 18 жастың кім-кімге де берер мүмкіндіктері мол. Соның бірі — Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздегі саяси өзгерістің кезі келгенде өз таңдауын жасау құқығы.

19 жасар Сәттібек Сәбитов бүгін сол мүмкіндікті өмірінде алғаш рет пайдаланып өз дауысын берді. №210 референдум учаскесі орналасқан Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектепте көлік жүргізуші болып жасайтын ол 2021 жылдың 10 қаңтарындағы Парламент сайлауына барудың сәті түспегендігін айтады.

“Референдум учаскесінде қажетті барлық жағдай жасап қойыпты. Өз дауысымды беріп шықтым. Ал бастысы еліміздің жаңара, жақсара түскенін қалаймын. Алдағы уақытта да саяси науқаннан сырт қалмаймын деп ойлаймын,“- дейді жас азамат.

Жоғарыда аталған учаскеде 5 бақылаушы референдумның әділдігін бақылауда.

А.Байшуақ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button