Жарнама
Саясат

АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТ АЙҚЫН

 

 Бес институционалдық реформаның негізгі мақсаты – еліміздің болашағы, мемлекеттің іргесін нығайтып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы. Жаңартуларға жетелейтін бұл реформаның кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы – қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта дамытуға бағытталған нәтижеге жетудің төте жолы. Бес институционалдық реформалар бізге өзіндік мақсаттар мен міндеттерді жүктейді. Соның ішінде үшінші бағыты– индустрияландыру мен экономикалық өсу. Оның басты мақсаты – даярланатын мамандардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының эксперттік әлеуетін көтеру.

Бұл реформада білімге айрықша мән берілуі көңіл қуантады. Ұлт жоспарының 76, 77, 78 және 79-шы қадамдары Қазақстан Республикасының білім беру саласын түбегейлі дамытуға бағытталған. 79-шы қадамда айтылғандай, жоғарғы сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілін кезең-кезеңмен оқыту мәселесі нақты айтылып, оны іске асыру жолдары көрсетілген. Осы жоспарды іске асыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кадр біліктілігін арттыра отырып, ағылшын тілін кезең-кезеңмен игеруге бағытталған жұмыс түрлерін жүргізіп келеді. «Үштұғырлы тіл» саясатын ұстанған, қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілін үйренуге аса мән беріліп отырған заманда институт мамандарының алға қойған мақсаттары айқын. Айта кетсек, жалпы білім беретін орта мектептер мен кәсіптік білім беру мекемелерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қысқа және ұзақ мерзімді курстарда оқытудың жаңа стандарттарын енгізу, оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың табысты білім алуына бағытталған инновациялық орта құру, мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім беру саласын нығайтып, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру сынды жұмыс түрлерін жүргізуде.

Сондай-ақ, институт білім беру мекемелерімен бірлесіп халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі конференциялар, семинарлар, тренингтер, оқыту және онлайн семинарлары, көшпелі тәжірибелік сабақтар, шеберлік сыныптары сынды іс-шаралар арқылы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуда. Ұлт болашағы тәлім-тәрбие мен білімнен бастау алады. Сол себепті білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін әуелі ұстаздарымыздың біліктілік деңгейін арттыру керек.

Мұхтар Әуезов «Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана, шын мәнінде, қымбат табыс» деп айтқан болатын. Сондықтан да, Ұлт жоспарын іске асыру жүйелі еңбекті, күш-жігерді талап етеді. Мақсатқа жету жолында қажымай еңбек ету – қазақ елінің әрбір азаматының міндеті.

           Бибігүл НҰРМҰХАНОВА,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының тренері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button