Жарнама
Саясат

АКАДЕМИЯ – ЮНЕСКО КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ

1996 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Мемлекеттік қолдау және дарынды балаларға арналған мектептердің дамуы туралы» Жарлығы негізінде ашылған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектепте бүгінде бірнеше талантты шәкірт тәрбиеленуде. Олардың алғашқысы республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанып үлгерсе, енді бірі шетелде оқып жүр.
Сондай байқауларда бақ сынап жүрген академия шәкірттері Эстония мемлекетінің Таллин қаласында өткен «Салют Талантов» халықаралық конкурсында вокал жанры бойынша Әсем Сергеева бас жүлдені (ұстазы Алма Нұрашева), домбыра бойынша Нұрлыбек Аяпов жүлделі I орынды иеленді, (жетекшісі Нұркен Изтелеуов), бейнелеу өнері және суреттен Аягүл Сариева II орынға лайық деп танылды (мұғалімі — Әділқайыр Жантасов).
Әсем Сергеева мен Нұрлыбек Аяпов күз айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін супер финалға қатысуға жолдама алып отыр.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button