АЙҚЫН БЕС БАҒЫТ
Халыққа жол тартқан жаңа стратегиялық құжат – экономикалық ахуалдан шығар төте жол. Елбасы осы жолдан өтуде жалпыұлттық идеяны өміршең ететін елдің бірлігі екенін әдейі атап өтті. Қазіргі әлемдік нарықтардағы бағаның құлдырауы мен экономикалық өсімнің төмендеуіне байланысты алда тұрған сын-қатерлерден айналып өтуге байланысты қазақстандықтар алдындағы міндеттерді көрсете келіп, Елбасы жаһандық дағдарыстан шығудың бес нақты бағытын айқындап берді. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі де осында.
Президент шикізаттық ресурстардан тәуелсіз экономика құрылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Жолдауда айтылғандай, инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютаның еркін бағамға көшуіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанда қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервтері жинақталды.
Жолдауды қызу қуаттай отырып, одан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді орындауда Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалы Елбасы мен мемлекетіміз алға қойған тапсырмаларды ойдағыдай орындау жолында тың серпінмен, жаңа жігер-күшпен жұмыс жасай береді.
Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы.