Заңнаманы өзгертуге кәсіпкерлер де үн қосады

kulibaev t 1493366160 Жаңалықтар

Елбасы тапсырмасымен Салық кодексіне өзгертулер енгізу жайы қызу талқылануда. Үкімет басшысы бұл мәселені ҚР Ұлттық экономика мен Қаржы министрліктеріне «Атаменкенмен» бірлесіп шешуді ұсынып отыр.

kulibaev-t_1493366160

– Талқылауға халық қалаулыларының да белсенді қатысқанын қалаймыз. Егер депутаттар тарапынан заңнама тұрғысынан қандайма бір ескертпелер мен толықтырулар айтылса, оларды бірден ескеруіміз керек. Осылайша, заңдарды қарастыру кезеңінен-ақ олардың сапасы артады. Ал, ол еліміздің тұрақты дамуына оң ықпал етпек. Бұл мәселе кәсіпкерлер үшін маңызды, – дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев.

Сондай-ақ, ол инвестициялық үдерісті де сөз етті. Өйткені, аталмыш саладағы Салық, экологиялық, кеден кодекстерінің жұмыс істеу тетігін жетік түсінбей, инвестициялық үдерісті болжау қиын.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне – 500, тоғыз жылда ҚР Салық кодексіне – 2500, Экологиялық заңнамаға – 500 өзгеріс енгізілген.

– Заңдылықтардағы тұрақсыздықта ұзақмерзімді инвестициялар жоспарлау мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Кез-келген қаржы тарту, жұмсау келешекке бағдар жасаудан басталады: ертең қандай экономикалық ахуал болатыны маңызды. Демек, бұл ретте Үкіметтің жақсы бағдары қажет. Ұлттық банктің де бізге несиелік-қаржылық саясаты бойынша бағдарламасы керек,-деп пікірін білдірді Т. Құлыбаев.

А. САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз