Жарнама
СаясатҚоғам

Әдеп жөніндегі норманы бұзған мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан кетті

Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл.  Атырау облысы сот жүйесінде Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарып жатыр.

2018 жылы Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауында екі мемлекеттік қызметшіге қатысты құжаттар қаралды. Нәтижесінде, бір мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан кетті, екіншісіне ескерту берілді.

uvolnenie

Қазіргі таңда Әдеп жөніндегі уәкіл  мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі ережелерін сақтау, мінез-құлық стандарттары мен іскерлік киім үлгісін ұстану, әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша шағымдану іс-әрекетін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылау бойынша бірқатар іс-шараларды жүйелі ұйымдастырып отыр.

Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар-ождан және кәсібилігіне байланысты. Демек, басты міндет – халыққа тиісті деңгейде қызмет ету болып қала береді.

      Бибігүл ЖОЛДАСБАЕВА,

   Атырау облысы бойынша  Соттар әкімшісінің Әдеп жөніндегі уәкілі.                                          

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button