«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес мүшесі.

Саясат

Бізге Елбасының ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіруге жағдай жасау туралы айтқаны ерекше серпіліс берді. Өйткені, Атырау өңірі – бизнесі дамып, қанат жайып келе жатқан аймақ. Бұл қадамның мұнайлы мекен экономикасының гүлденуіне, халықты жұмыспен қамтуға жол ашары сөзсіз. Бұл тұғырлы ой – отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам. Ең әуелі бұл саладағы салық салу жүйесін дамыту олардың ара жігін нақтылауға бағытталған өзгерістер енгізуді талап етеді. Бұл бағытта шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігі ескерусіз қалмады.
Сонымен бірге, қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің алдына нақты да айқын тапсырмалар қойылды. Қазақстанның дамуы ең әуелі интеграцияға келіп тіреледі. Бүгінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі Еуропалық білім кеңістігі мен ТМД кеңістігінің бір бөлігіне айналғанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Үздіксіз білім беру жүйесін дамыту білім беру аспектілерін түбегейлі өзгертетін және оларды біріктіретін ХХІ ғасырдың тренді-ақпараттандыру саласымен, көп тілді мамандар даярлаумен тығыз байланысты. Бұл оқыту үдерісінің тәрбиелік мәнін күшейту, білім беру саласының барлық мекемелерінде жастар бойына мемлекеттік құндылықтарды сіңіруді қамтамасыз ету міндетінен көрініс табады. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдарын күшейту қажет.
Бүгінгі студент, келешек маман тұлғасына әсер ететін тиімді тәрбие шараларын жан-жақты іздестіру мен жүзеге асыру – осы сала мамандарының ғана емес, қоғамның міндеті. Осыған орай, жастарды өзін-өзі тәрбиелеу мен дамыту дағдыларын қалыптастыруға, өз бетінше іс-әрекет жасап, тәрбие жұмысына белсене қатысуға мүмкіндік болатын ортаны құруға бағыттау аса маңызды болмақ.

Руслан АЖЕНОВ,
«Жас Отан» жастар қанаты
Махамбет аудандық филиалының атқарушы хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған