МАҢЫЗЫ ЗОР ҚҰЖАТ

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Индер аудандық филиалының кезектен тыс ХҮІІ конференциясына облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатынасып, онда филиал төрағасын сайлау мәселесі қаралды. 
Конференция делегаттары төрағалыққа ұсынылған аудан әкімі С.Арыстанның кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді. Онан соң филиалдың жаңа сайланған төрағасы С.Арыстан ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.

«Нұр Отан» – Нұрлы болашақ жолында» атты партияның саяси Доктринасы туралы» аудандық ұйым саяси кеңесінің мүшесі, білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық кеңесінің төрайымы Қ.Ахметова хабарлама жасады. Ол «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы партияның рөлін айқындайтын Доктринаның жеті факторын атап өтті. Конференцияда сөз алған Индер көпбейімді ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Б.Құнас пен Құрылыс территориялық бастауыш партия ұйымының хатшысы, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі С.Кереш те жаңа Доктринаның тек қана партия мүшелерін ғана емес, еліміздің барлық азаматтарын біріктірудегі маңызына ерекше тоқталды. 
Аудандық конференция жұмысына қатынасқан облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев аудандық филиалдың жаңа төрағасының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы қысқы науқанға тиянақты дайындалу, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарды жандандырып, тұрғындарды ауыз сумен қамтуды түбегейлі шешу қажеттігін міндеттеді.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,
Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз