Зауыт қызметкерлері «AMANAT» партиясына қабылданды

09dec5bb fe33 442f b31b 2e6baaac2aca Саясат

​«KPI Inc.» ЖШС-нің 60-қа жуық қызметкері «AMANAT» партиясының қатарына қабылданды. 

Салтанатты рәсімге «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов, «KPI Inc.» ЖШС-нің басқарма төрағасы Данияр Тиесов, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Абылай Құрметұлы, облыстық мәслихат депутаты Сырымбек Сәрсенбаев, «KPI Inc.» ЖШС-гі бастауыш партия ұйымының төрағасы Өмірзақ Зинуллин қатысты.  

​Салтанатты рәсімді ашқан «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов партияның алдағы мақсат-міндеттеріне тоқталды.

​– Бүгінде облыс бойынша «AMANAT» партиясының 24 мыңнан астам мүшесі бар. Олардың қатарында қарапайым еңбек адамынан басшы лауазымындағы адамдар бар. Еліміздегі алғашқы біріккен газ-химия кешенінің басшылығымен жаңадан бастауыш партия ұйымын құру туралы келісімге келген болатынбыз.

99db991c b14f 4843 8f69 97cc0ae2d7e6

Қазіргі таңда облыстағы  мұнай, ауыл шаруашылығы секілді тағы да басқа салаларда 106 бастауыш партия ұйымы бар. Облыста атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, облыстың дамуына бағытталған экономикалық жоспарлары халықтың, партия мүшелерінің ұсыныстары арқылы жүзеге асып отыр. 

85a64727 0fba 45d7 87b2 3a53f20e9d76

Алдағы уақытта бастауыш партия ұйымдарының басын қосатын құрылтай өтеді. Бірлесіп, ауқымды жұмыстар жүргізетін боламыз, – деді Абдолла Хамиұлы.

​«KPI Inc.» ЖШС-нің басқарма төрағасы Данияр Тиесов зауыт қызметкерлерінің партия қатарына қабылдануы айтулы оқиға деп атап өтті.

328d5683 0785 4744 a0d0 2bf9f9d26bd8

​– Қысқа уақытта зауытта «AMANAT» партиясының қатары 3 есеге артып отыр. Бұл адамдардың саналы түрде шешім қабылдап, бірлесіп жұмыс істеуге деген ынталарының жемісі деп білемін. Ең басты міндет – нәтижелі өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу. Қазіргі және алдағы жобаларымызға сәттілік тілеймін, – деді Данияр Сүйіншілікұлы.

​Содан соң партиялық билеттерді тапсыру рәсімі өтті. Зауытта былтырдан бері инженер-технолог болып жұмыс істейтін Азамат Қашимов партия қатарына қосылу арқылы үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. 

​– «AMANAT» партиясының алға қойған мақсаты бар. Соған өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын. Зауытта жұмыс істеп жатқаныма бір жылдан асты, – деді Азамат Серікұлы.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз