Жарнама
СарапTime

Онлайн-құттықтау ойымнан шықты!

Мен – педагогика саласында ұзақ жыл еңбек еткен ұстазбын. Бір басыма жетерлік атақ-дәрежем де бар. Шынымды айтсам, мені бұрынғы ұжымдастарым құттықтайды деп ойламадым да. Өйткені, қазіргі қалыптасқан санитариялық ахуалдан адамдардың шоғырлануына, бір-бірінің үйіне қатынауына тыйым салынған. Мұны мен өте жақсы түсінемін. Осындай жағдайға қарамастан өзім еңбек еткен қаладағы Жамбыл атындағы №21 орта мектеп әкімшілігі мені мерейлі жасыммен онлайн режимде құттықтап, маған үлкен тосынсый жасады.

Қазіргі ақпараттық технологияның көмегімен мен еңбек демалысына шығып кеткелі жүздеспеген әріптестерімді компьютер экраны арқылы көрдім. Тек Атырау қаласындағы Қымбат, Айгүл, Гүлмира, Гүлнар ғана емес, Астана қаласында тұратын әріптес сіңлім Марияның да құттықтауын естідім. Ал мектеп мұғалімі Ақтеңгенің оқу орны директоры Естай Заузабаевтан сәлемдеме – Алғыс хат пен сый-сияпат әкеліп бергеніне жас балаша мәз болдым!

Иә, адам ұрпағымен мың жасайды. Менің де алаңсыз өмір сүріп жатқаным айналамдағы игі жақсыларға, соның ішінде, қаумалаған немерелер мен шөберелерге байланысты. Ауыра қалсам, аузыма сусын болатын, көңіліме кіршік түсірмеуге тырысатын немере қыздарым – Динара мен Клара, күйеу балам Марат, құдағайым Ажар, шөберем Әсем, әріптестерім – бәріне ризашылығымды білдіріп, көптен-көп алғыс айтамын. Осындай қиын сәтте жол тауып, мен секілді үлкен апайларына жылы лебіздерін арнаған әріптес іні-сіңлілеріме тек жақсылық тілеймін, жаратушы иеміз оларға менің жасымды берсін!

Сәбила ЖҰМАЕВА,

ҚР білім беру ісінің үздігі,

«Атырау» газетінің 70 жылдан бергі оқырманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button