Ескі кеніштердің екінші тынысы ашыла ма?

izobrazhenie 2022 05 11 203519829 СарапTime

ЖЕР АЯҒЫ КЕҢІП, ДАЛАДА ТЫНЫМСЫЗ ТІРЛІК БАСТАЛҒАН СӘТТЕ ӨНДІРІС ТЕ ЖАНДАНАДЫ. ҚОЙНАУЫ ҚҰТҚА ТОЛЫ МЕКЕННЕН БАЙЛЫҚ ҚОРЫН ІЗДЕГЕН ГЕОЛОГТАР ЭКСПЕДИЦИЯЛАРҒА АТТАНАДЫ. ТОҢЫ ЖІБІП, КӨБЕСІ СӨГІЛГЕН АЛҚАПТА БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ. ОСЫЛАЙША, ЕСКІ КЕНІШТЕРДІҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ АШЫЛАДЫ. ИӘ, ЕЛІМІЗГЕ ЖАҢА МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫ ҚАЖЕТ. СОНДЫҚТАН АЛДАҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТА 2 МЫҢ ШАРШЫ ШАҚЫРЫМ ЖЕРДЕ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП, 50-ДЕН АСТАМ ҰҢҒЫМАНЫ БҰРҒЫЛАУ КӨЗДЕЛГЕН. БҰҒАН ДЕЙІН ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ЕЛІМІЗДЕГІ ҚОРЛАР САРҚЫЛЫП, КЕН ОРЫНДАРЫНДА ӨНДІРІС КӨЛЕМІ АЗАЙЫП ЖАТҚАНДЫҒЫН АЙТҚАН БОЛАТЫН. СОЛ СЕБЕПТІ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖАНДАНДЫРУ ҮШІН 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНГЕН. ОНДА МҰНАЙ ІЗДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР.

БІЗ «МІНБЕРДІҢ» КЕЗЕКТІ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗІНДЕ ЖЕТІ ҚАТ ЖЕР АСТЫНАН БАЙЛЫҚ ІЗДЕГЕН ГЕОЛОГТАРМЕН, ОСЫ САЛАНЫҢ БІЛІКТІ БАСШЫЛАРЫМЕН ТІЛДЕСКЕН ЕДІК.

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕСКІ КЕНІШТЕРДІ ИГЕРУ, ОНЫ ТЕРЕҢДЕТІП БҰРҒЫЛАУ ЖАЙЫ ЖИІ ҚОЗҒАЛЫП ЖҮР. КЕЛЕШЕКТЕ ОЛАРДАН ҚАНДАЙ ҮМІТ КҮТУГЕ БОЛАДЫ?

БҮГІНДЕ ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ АЛДЫНДА ҮЛКЕН МІНДЕТ ТҰР: ЕЛІМІЗДІҢ МИНЕРАЛ-ШИКІЗАТ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҰЛҒАЙТУ. БҰЛ РЕТТЕ, ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ІЗДЕУ МЕН БАРЛАУҒА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖАЙЫН АЙТЫП ӨТСЕҢІЗ…

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ, ЖАҢА КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?

Балтабек ҚУАНДЫҚОВ, Əл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы:

1.Əрине, олардың болашағынан үмітіміз мол. Кейбірінің тарихы жүз жылдан асады. Ол аумақтарға халықтың тұрмысына қажетті аурухана, балабақша, мектеп салынып, инфрақұрылым толықтай жүргізілген. Біртіндеп үйлер тұрғызылып, отбасылар қатары көбейгеннен кейін тұтас елді мекенге айналды. Бүгінде ондай кенттерді мыңдаған тұрғын мекен етіп жатыр. Демек, мұндай жерлерде мұнай кəсіпшілігіне басымдық беріледі. Бірді-екілі аурухана, мектеп болмаса, мұндағы халықтың басым бөлігі осы салада еңбек етеді. Яғни, бұл жердегі тұрғындардың жұмыссыз қалмауын ойласақ, тереңдетіп бұрғылауды жадымыздан шығармауымыз керек. Оның үстіне, бұған дейін бос аумақтардан кен орындары анықталғаннан кейін бұрынғы қалып қойған бөліктері де болуы ғажап емес. Сондықтан, геофизикалық жұмыстарды қайта жүргізу қажет. Əрине, Қашаған, Теңіз сияқты ірі кен орындарын ашпағанмен, кішігірім аумақтан кен орнын игеру керек. Өйткені, инфрақұрылым дайын. Құбырлар салынып тұр, айдайтын насостар бар, теміржол, тас жол арқылы мұнайды тасымалдайтын мүмкіндік бар. Сол себепті, қор аз болса да, ескі кен орындарының айналасынан бөлшектер тауып, игеруге болады. Ол үшін көп қаржы шығарудың да қажеті жоқ. Бүгінде кен орындарының терең қабаттарынан мұнай іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Атырауда Қаратонның айналасынан 6 мыңдық терең бұрғы салыну керек деген əңгіме айтылып жүр. Теңіз, Королев кен орындарында ғана емес, ол жерден басқа да кен орындарын ашу мақсатында терең қабатта зерттеу жүргізу жоспарланған. Осындай жұмыстар Атыраудың басқа бөліктерінде де бар. Энергетика министрлігі өткізген аукционды ұтып алған компаниялар Атырау облысының Құрманғазы, Исатай аудандарынан ізденіс жұмыстарын бастады. Жылыойда да жер телімдерін алған компаниялар бар. Бəрінен бірдей кен орны ашылуы мүмкін емес. Бірақ, оның болашағына сенім артамыз. Айналасының барлығы – кен орындары. Мұнайлы жерлердің мүмкіншілігі мол екеніне кəміл сенеміз.

2. Баршаға белгілі, «Ембімұнайгазда» Уаз кен орны бар. Сол жер цифрлық қондырғылар арқылы басқарылады. Жалпы, елімізде озық технологияға көзқарас жаман емес. Теңіз бен Қашағанды айтпағанның өзінде Кенбай, Жоламанов кен орындарында мұнай өнімдерін көбейтуге, экономикалық жағдайды жақсарту бағытында осындай технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл – «қара алтынды» өндіру мақсатында жасалған жұмыстар. Ал, геологиялық ізденіс жұмыстарын жасауды мақсат еткен компаниялар аукционнан ұтып алған жерлерінде жаңа геофизикалық əдістерді қолдануда. Айталық, осыдан он жыл бұрынғы тəсілдер мүлде басқаша болатын. Бүгінде сейсмикалық құралдар да өзгерген. Далалық жұмыстармен қатар алынған материалдарды зерттеу, оны қарауға жаңа компьютерлік құралжабдықтар алынып жатыр.

3. Прорва жақта жаңа кен орындары бар. Былтырдан бастап Үкіметтің қолдауымен «Еуразия» жобасы қолға алынды. Ол еліміздің батысындағы үш облыстың аумағына кіретін Каспий маңында жүзеге асырылады. Негізі, Қазақстан мұнайының 80 пайызы осы жерде орналасқан. Экспортталатын «қара алтынның» 80 пайызы да осы жерден шығарылады. Қазір терең қабаттарды зерттеу үшін «Еуразияның» бірінші кезеңі іске асып жатыр. Мемлекет оған толықтай қолдау көрсетуде. Кеңес Үкіметі кезіндегі алынған геофизикалық материалдармен қатар Каспий қайраңы, Теңіз айналасы, аукционнан алынған жерлер жаңа геофизикалық тəсілдер арқылы зерттелуде. Біз терең қабаттардағы мұнайға жүргізілген ғылыми ізденістер мен далалық жұмыстардан алынған материалдарды сараптай отырып, тереңде мұнайдың көздері көп деп есептейміз. Еліміздің геологтарының ерен еңбегі ақталып, терең қабаттардан үлкен кен орындары ашылады деп ойлаймыз. Шындығында, енді біз мұнайды тереңнен игеру жайын ойластыруымыз қажет. Себебі, шетелге шығарып отырған шикізат қорымыз азайып келеді. Мəселен, Қызылордада мұнай өндіру көлемі төмендеп барады.

Ақмырза ҚҰСАЙЫНОВ, ардагер бұрғышы:

1. Бізде мұнай да, газ да бар. Қазіргі қазып жатқанымыз тұздың беті ғана. Өйткені, 1200, əрі кетсе 1500-2000 метрден əрі аса қойған жоқпыз. Ал, төрт мың, бес мың тереңдікте тұздың астын қазуымыз керек. Кезінде Еділ мен Жайық аралығындағы мұнай мен табиғи газ көздерін іздестіріп табу мақсатында бұрғылау жұмыстарын жүргіздік. Қазу барысындағы жобалық тереңдік 4500-6000 метр аралығын қамтыған. Атап айтқанда, «Манаш», «Көрдуан», «Имашев», «Құм П-1», «Забурын-30» кен орындарындағы ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары сəтті аяқталды. Əрине, ол кезеңдерде жұмыстың жүргізілу технологиясы мен тəсілі қазіргіден мүлде өзгеше болатын. Жауапкершілік жоғары, тəртіп қатаң еді. Тұз қабаттарының астын бұрғылау кезінде көптеген қиындықтар кездесетін. Соған қарамастан, жұмыста кедергі болмады.

2. Шыны керек, қазір мүмкіншілік көп. Станоктар да жақсарды. Қытай, АҚШ секілді шетелдердің қондырғылары жеткілікті. Сондықтан, тереңнен бойлауымыз керек. Ұңғымаларды қазған кезде полимерлі ерітіндіге ерекше мəн беру қажет. Онда да соңғы технологиялар қолданылса, апаттық жағдайлар болмайды, пайдасы да көп. Бұрынғы кеңестік кезеңде осы ерітіндінің сапасы нашар еді.

3. Қаламқас мұнай-газ кен орнынан шығысқа қарай 30 шақырым қашықтықтағы Қаратұрын кен орны 1978 жылы ашылған. 1980 жылы Шығыс Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын пайда болды. Қазір игеру жұмыстары жүргізілуде. Десек те, бұл кен орны тайыз, 1200 тереңдіктен алынып жатыр. Өзім технолог болсам да, геологтармен бірлесе еңбек етеміз. Жуырда оңтүстік Қазақстанда осы сала мамандарымен үлкен кездесу өтеді. Соған бəріміз қатысамыз. Ембінің мұнайын да терең қабаттардан қарау керек. Онда да тұз бар.

Қосан ТАСҚЫНБАЕВ, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ардагер геолог:

1. Ескі мұнай кеніштерінің тереңдігі тайыз болғандықтан, игерілуі оңай жəне тиімді болды. Ал, тереңде жатқан мұнай қоры өндіруге жарап, пайдалы болу үшін қоры əлдеқайда көп болуы тиіс. Оны барлап, ашу үшін неғұрлым көп еңбек, қаржы, жаңа технология жұмсалуы қажет. Қазіргі таңда мұнай кен орындарын игеруде қабаттарға жасанды əсер етуді қолдану маңызды болып табылады. Бұл жағдайда қабаттың жұмыс тəртібі деген түсінік жер қыртысынан мұнайды өндіру процесін толығымен сипаттамайды. Мысалға, кейбір мұнай кен орындарын игеру белгілі бір уақыт бойына қабатқа сұйық көмірқышқыл газын айдап, сонан соң оны қабат бойымен ығыстыру үшін су айдауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Əрине, мұндай жағдайда қабаттың жұмыс тəртібі қолдан жасалған суарынды болады. Бірақ, бұл мұнайды өндіру процесін сипаттау үшін аз мəлімет болып табылады. Бұл жерде қабаттың жұмыс тəртібін ғана ескермей, оған қоса қабаттарды игеру технологияларымен байланысты мұнайды қабаттардан өндіру механизміне де назар аудару қажет. Кен орындарын игеруді жүзеге асыру үшін тек жүйені ғана негіздеп таңдау емес, оған қоса игеру технологиясын да анықтап алған дұрыс болады.

2. Бүгінде «оңай мұнайдың» заманы өтті. Сондықтан, 3D модельдер, барлау жұмыстарының сейсмикалық жаңа технологиялары, олардың нəтижелерін компьютерлік бағдарламаларымен интерпретация моделдерін шығаруға айрықша мəн беріліп отыр. Сондай-ақ, IT технологиялардың қолданыс аясын кеңейту қажет. Заманауи терең өзгерістерге бірінші болып бейімделген мемлекеттер ғана өз халқының өмір сүру деңгейін жоғары деңгейде сақтап қала алады. Мұндай елдердің бəсекеге қабілеті жоғары болады. Жылдар өткен сайын мұнайды өндіру қиындап барады. Себебі бұрынғыдай жер астынан өз қы сымымен атқылап, шапшып шығып жат қан шикізат жоқ. Сол себепті, қазіргі мұнай-газ кен орындарының көбінде тұт қыр лығы жəне парафині жоғары, «ауыр» мұнай өндірілуде. Энергоресурстарға əлемдік сұраныс тұрақты түрде өсуде жəне күрделі алынатын қорлары бар кен орындарын пайдалану қажеттілігі кезінде мұнай компаниялары түбегейлі жаңа тəсілдер мен қағидаттарға негізделген мұнай өндірудің барынша тиімді технологияларын қажет етеді. Себебі ауыр мұнай қоры дəстүрлі мұнайға қарағанда əлдеқайда көп. Əлемде ол оңтайлы технологияның жоқтығынан əзірленбейді. Демек, біз осы мəселеге баса көңіл бөлуіміз керек.

3. Қазір мұнай-газды өндіру сала сы дамуының ғылымға негізделуі қажет тілікке айналды. Ашылған ғылыми жаңа лық, жаңа технология еліміздің кен орын дарында алғашқы сынақтан өтуде. Негізі, еліміздің мұнай қорының болжамы жаман емес. Əсіресе, Батыс Қазақстанның пайдалы қазбасын іздестіріп, тиімді пайдалануымыз керек. Ол үшін мемлекеттік геология барлау жоспарын іске асыру қажет болады.

Жазып алған: Айбөпе САБЫРОВА

Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Серікқали БРЕКЕШОВ:

Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің расталған қ о р ы б о й ы н ш а е л і м і з ə л е м н і ң жетекші елдерінің алғашқы ондығына к і р е д і . Б ұ л ретте пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басты сын-қатері – қорлардың толықтыру деңгейінің төмендігі. Өндірудің қазіргі деңгейін алсақ, тиісті толықтырусыз көптеген игерілетін кен орындарының қоры таяу болашақта таусылады. Осыған байланысты, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жандандыру талап етіледі. Бұл – кейіннен жер қойнауын пайдалануға беру үшін перспективалы алаңдар мен объектілерді анықтаудың негізгі əдісі.

***

Бірінші – геологиялық зерделенуді арттыру жəне перспективалы учаскелерді анықтау. Екінші – геология саласының инфрақұрылымы мен геология ғылымын дамыту. Үшінші – өндірістіктехнологиялық процестерді цифрландыру жəне автоматтандыру. Төртінші – геологиялық зерттеудің инвестициялық тартымдылығын арттыру, минералдықшикізат базасын молайту үшін заңнаманы жетілдіру. Біз геология саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын əзірледік, онда жоғарыда аталған мəселелердің шешімі көрініс тапты.

***

С о н ы м е н б і р г е , Қ а з а қ с т а н д а геологиялық барлауға 1 шаршы шақырымға салынатын мемлекеттік инвестициялар көрсеткіші өте төмен. Бізде ол 11 АҚШ доллары болса, Аустралияда – 167 доллар, Канадада – 203 доллар. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, инвесторлар өз қаражатын мемлекет есебінен болжамды ресурстары бар, перспективалы учаскелер базасы қалыптасқан жұмыстардың ерте сатыларын жүргізген немесе жүргізу үстіндегі елдерде кен орындарын барлауға салады

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз