Жарнама
Сайлау

СПОРТШЫЛАР ДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Кикбоксингтен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Юсупов елдің жарқын болашағы үшін маңызды таңдау жасаудан бас тартпау керек деп есептейді. «Бүгінгі еліміз үшін тарихи күн деп айтуға болады. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Өзім сенген үміткерге дауысымды бердім. Және спорт саласында қызмет еткесін еліміздің спорт саласының дамуына себеп болады деген сенімдемін. Болашақ сайланатын депутаттар іс-әрекеттеріне толықтай себеп болып, айтқан сөздерін орындаса деген үміттемін» дейді кикбоксингтен Атырау облысының бас бапкеріДанияр ЮСУПОВ. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Атырау бөлімшесінің ғимаратындағы №51 сайлау учаскесінде 2115 адам тіркелген болса, осы уақытқа дейін олардың 4%-ы бой көрсетіпті. Сайлау комиссиясының өкілдері науқан басталғалы ешқандай құқық бұзушылық тіркелмегенін айтады. Аталған учаскедегі сайлау процессін қадағалап 7 байқаушы жүр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button