Жарнама
Сайлау

Солтүстік Каспий жобасының құрлық нысанындағы қызметкерлер дауыс берді

Атыраудағы Қашаған кен орнының құрлықтағы нысаны — «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында компания мен мердігер компаниялардың 2537 қызметкері Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс бойынша вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін 47 учаскелік комиссия тартылған.

-Самал вахталық қалашығындағы NCOC компаниясының «Болашақ» зауыты бойынша үш учаскеміз бар, олар №56, №77 және №66 учаскелер. Жеке тоқталып өтсем №56 учаскеде 450, №77 учаскеде 947, №66 учаскеде 1140 сайлаушы бар, деді №66 сайлау учаскесінің мүшесі Сабыр Балабаев.

Айта кетейік, өңірде вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар саны 20 мыңнан астам болса, оның ішінде Теңізшевройл компаниясы бойынша 18069, ал Қашаған кен орнынның Батыс Ескенеде орналасқан құрлық нысанында және теңіз кешенінде 3000-ға жуық адам жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button