12 млн-нан астам қазақстандық сайлаушылар тізіміне енген

55156902 d8d2 487f b291 ff1ba6587f78 Сайлау

Мәжіліс сайлауында 12 млн-нан астам азамат таңдау жасайды.

Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жинақтады. Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 12 032 550 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелді. 

Тізімдердегі сайлаушылардың қайталануын болдырмау үшін ОСК барлық өңірдегі мәліметтерге қосымша талдау жүргізеді. Егер қайталанған деректер анықталса, онда ОСК өңірдердің жергілікті атқарушы органдарына тізімдерді ретке келтіруді тапсырады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз