Сайлау
Сайлау: Шетелде жүрген қазақстандықтардың 72,54% дауыс берді
Мәжіліс сайлауында шет мемлекеттерде жүрген 12132 қазақстандықтың 8800-і немесе 72,54% дауыс берді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды.
Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54% құрады», — делінген министрлік ақпаратында.