САЙЛАУ КҮНІ НЕ БОЛДЫ?

33085926 0 36 2772 1595 1920x0 80 0 0 8873f1bbe2ced3fe57b60633575e07bf Сайлау

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жекелеген сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзу туралы айтты, деп хабарлайды Тілші Zakon.kz. Сұлтанбаев жалпы елдегі жағдай тұрақты екенін айтты. Оның айтуынша, учаскелерде бұзушылық фактілері бар. «Сайлау учаскелерінен барлығы 32 адам шығарылды. Бұзушылықтардың негізгі себептері-комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі жасау, учаскеде бейнетүсірілім жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелеріне құрметсіздік таныту. Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында бюллетеньді бүлдірудің үш фактісі тіркелген. Азаматтардың Алматы, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облысындағы учаскеге мас күйінде келген 4 фактісі тіркелді», – деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев. Оның айтуынша, барлық кінәлілер ҚР ӘҚБтК-нің 444 және 434-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Все права защищены. Используйте активную ссылку на Atpress.kz https://atpress.kz/kk/?view=article&id=21198:sajlau-kuni-ne-boldy&catid=2

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз