Сайлау-2023: өзін-өзі ұсынушыларға қайдадауыс беруге болады?

cdd933ab d309 46f6 8d3f dda2717022a1 Сайлау

Ел бойынша барлығы 29 бір мандатты округ анықталды. Атырау облысында №13 учаске белгіленген. 

Парламент Мәжілісіне бір мандатты аумақтық округтер бойынша Атыраудан бір ғана депутат сайланады.

Осылайша, бір мандатты округтердің құрамына кіретін сайлау учаскелерінде екі бюллетень ұсынылады: біреуі бір мандатты кандидаттардың аты-жөнімен, екіншісі – саяси партиялардың тізімімен.

Сайлаушылар партиялық тізімдер бойынша мәжіліске кандидаттарға дауыс беріп қана қоймай, бір мандаттылардың арасынан өздеріне ұнайтындарды да таңдайтын болады. Олардың қатарына өзін-өзі ұсынушылар да кіреді.

Қазақстанда бір мандатты аумақтық округтер бойынша мәжіліске барлығы 359 кандидат тіркелген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз