Катя әжейдің тілегі

katya sailau Сайлау

«APEC PetroTechnic» колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері сұрапыл соғыс жылдарында концлагерьде тұтқында болған Екатерина Абсатырованың шаңырағына барды. Ардагер өз таңдауын жасап, арнайы әкелінген жәшікке сайлау бюллетенін салып, игі тілегін жолдады.
– Менің балалық шағым қиын кезеңдермен тұспа-тұс келді. Әйтсе де тағдыр маған бейбіт өмір мен бақытты күндерді көруді бұйырды. Міне, бүгін халықпен бірге мен де дауыс беріп, өз үлесімді қосып жатырмын. Қазақстанымыз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын. Ел аман, бейбіт заман болсын, – дейді 92 жастағы кейуана.
Екатерина Абсатырованың отбасы 1941 жылы тұтқынға түсіп, концлагерьде болған. 1944 жылы бостандыққа шыққан соң, колхозда жұмыс істеген. Қазір 3 баласынан 2 немере, 1 шөбере сүйіп отыр.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз