Жарнама
Сайлау

Қызылқоғада сайлау басталды

Бүгін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы, «Арман» мәдениет үйінде орналасқан №143-інші сайлау учаскесінің жұмысы сағат 7.00-де гимнмен басталды. 

​Сайлау учаскесінде 1966 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 13 мүгедектігі бар азамат бар. Олардың 10-ының көз кемістігі болса, 2-уі қоларбада отырады, 1-уінің құлағы естімейді. 

​– Сайлау учаскесінде осы учаскенің тізіміне енгізілген азаматтар, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін ұсынған адамдар дауыс бере алады. Бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ сайлаушы өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға хақы бар. Сайлау бюллетені жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде немесе сандық түрдегі нұсқасы беріледі, — деді сайлау учаскесінің төрағасы Ғайни Аққалиқызы.

​Жексенбі күнгі сайлау кезінде Миялы ауылындағы спорт кешенінде кір тасын көтеру, асық ату, ләңгі тебуден спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. «Арыс» базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Алмас ҚАБДОЛОВ,

суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button