Жарнама
Сайлау

Қайыршақты ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр

Бүгін қалаға қарасты Қайыршақты ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ауылдық округ әкімінің сайлауы өтіп жатыр. Учаскелік сайлау комиссиясы орналасқан №26 С.Датов атындағы орта мектепте таңғы сағат 06:00-ден бастап сайлау учаскесінің мүшелері өз жұмыстарын бастады. Сағат 07:00-де мемлекеттік Гимн орындалып, ресми түрде дауыс беру процесі басталып кетті.

Қайыршақты ауылдық округі, «Ақжар-1» ауылындағы №56 сайлау учаскесінде 2418 дауыс беруші тіркелген.

Сайлау комиссиясының төрағасы Аманжол Әбуғалиевтің айтуынша, дауыс беру басталғалы бері келушілер қатары артып келеді.

— Сайлауға екі үміткер қатысып жатыр. Мұндай белсенділік ауылдастарымыздың елдің келешегіне қатысты мәселеге немқұрайды қарамайтындығын көрсетеді. Азаматтардың бүгінгі таңдауын білдіруі – келешек ұрпақ үшін аса маңызды қадам, – дейді А.Әбуғалиев.

Учаскелік комиссия құрамында 9 адам бар.

a98b90c3 18f2 4bcf 88fb cb755493df2a

Айта кетейік, бүгін Атырау қаласы бойынша Қайыршақты ауылдық округімен қатар Еркінқала ауылдық округінде де әкім сайлауы өтіп жатыр. Сонымен қатар, сайлау учаскелерінде ерекше қажеттіліктері бар сайлаушылардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалған.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button