«Елдік іске үлес қостық»

b7754030 2a58 40b0 8eb1 026375d077c6 Сайлау

№37 Салық Зиманов атындағы орта мектепте орналасқан №256 сайлау учаскесіне отбасымен келген I топ мүгедегі Ұлан Төлетаев осылай деді.

–Сайлаудан қалмаймыз, таңдау жасауға отбасымызбен келу жазылмаған заңға айналған. Қазір де содан жаңылмай, азаматтық ұстанымымызды білдіруге келдік. Қызым да көрсін, ата-анасы қалай дауыс беріп жатқанын, жастайынан сайлау өз еркін білдірудің маңызды жолы екенін сезіне берсін деп ұйғардық. Біз таңдаған кандидаттар еліне жаны ашитын, халықтың өзекті мәселесін шешетін нағыз іскер, адал депутат болатынына сенім мол. Сондықтан біздің дауыс беруіміз еліміздің жарқын болашағына жасалынған қадам деп білемін, – деген Ұлан жұбайымен бірге бюллетеньдерін жәшікке салды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз