Жарнама
Сайлау

Мұратовтар жанұясы сайлауда белсенділік танытты

Бүгін Исатай ауданындағы Абай орта мектебінде орналасқан №134 сайлау учаскесінде дауыс беру науқаны жоғары деңгейде өтуде. Ерекше атап өтер жайт – осы учаскеге зейнеткер, еңбек ардагері Халел Мұратов жұбайы Болған Қабдрашевамен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Мұратовтар отбасы үшін сайлауға қатысу – азаматтық борыш. Олар жыл сайын өтетін саяси науқандардан қалыс қалмай, өз дауыстарын беруді дәстүрге айналдырған.

– Ауылда тұрған соң, оның болашағына бейжай қарау мүмкін емес. Бұл – тек бүгінгі емес, келешек ұрпақтың қамы үшін жасалатын маңызды таңдау. Әділ өткен сайлау нәтижесінде халықтың сеніміне ие болған азамат елді көркейтіп, жаңаша бағытқа бастайды деп сенемін, – деді Халел Мұратов.

Айта кетейік, №134 сайлау учаскесінде барлығы 1330 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 12 мүгедектігі бар азамат бар. Сонымен қатар, 3 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс беру үшін арнайы өтініш білдірген.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button