ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

7 uchastigi sailau Сайлау

№7 сайлау учаскесі Атырау қаласындағы «Сенім» элитарлық мектеп-балабақша кешені» мекемесінің ғимаратында орналасқан. Мұнда барлығы 2314 сайлаушы бар. Біз сайлау учаскесіне барғанымызда сағат тілі 10-ды көрсетіп тұрды. Байқағанымыз, сайлаушылардың саяси науқанға ынтасы жоғары. Олардың арасында отбасымен бірге келіп, дауыс беріп жатқандар көп. Сайлау комиссиясының төрағасы Айбарша Абдрахманованың айтуынша, жоғарыда айтылған уақытқа дейін жүзге жуық адам келіп, дауыс берген. Сайлаушылардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалды. Учаскеге келіп, дауыс берушілердің саны бірте-бірте көбейіп келе жатыр, – деді комиссия төрағасы. Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз