Баннер 9 мая от газеты Атырау

Сайлау кезінде құқық бұзғандарға айыппұл салынып, жұмыстан шеттетілді

2019 06 11 d1df3733cc1d10aba67aa09fae07c864 xl Сайлау

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауында жәшіктерге артық бюллетеньдерді салып жіберу фактілері болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«№279 сайлау учаскесінде – бұл Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінде артық бюллетеньдерді жәшіктерге салып жіберіп жатқаны көрсетілген видео жарияланды. Бұл іс зерттелді, прокуратура органдары онымен айналысып, тиісті тұлғаларға айыппұл салынды. Атап айтқанда, комиссия төрағасы мен қоғамдық бірлестіктің бір бақылаушысына айыппұл салынды. Сонымен қатар комиссия төрағасы дереу жұмыстан шеттетілді», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осындай құқық бұзушылық Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округіндегі №455 сайлау учаскесінде тіркелген. Бұл оқиғағдан кейін хатшы мен учаскелік комиссияның мүшесіне айыппұл салынып, олар да жұмыстан шеттетілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз