Ертелетіп келгенге ерекше сыйлық
Бұрын сайлау учаскесіне ең бірінші болып келіп, дауыс беретін сайлаушыға арнайы сыйлықтар ұсынылатын. Осы игі дәстүр бүгінде Атырау қаласындағы Жұмекен Нәжімеденов атындағы мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесінде жалғасын тапты. Ертелетіп келген қала тұрғыны Ерлан Жұмыров арнайы сыйлыққа ие болды.
№2 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Құлбатырованың айтуынша, сайлаушының саны 1800. Сағат 10:45-те соның 64-і дауыс берген.
–Сайлау бірқалыпты өтіп жатқанына өзіңіз де куә болып отырсыз. Жұртшылық оған жоғары көңіл күйге қатысуда. Мұны елдің ертеңі үшін жауапкершілік деп түсінемін. Барлық үміткерге сәттілік тілеймін! — деді комиссия төрағасы.
Аталған учаске бойынша 3 адам үйінде дауыс береді. Ал, алдын ала дауыс бергендер жоқ.
Бек АЙДАРӘЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ