Жарнама
Сайлау

ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЖӘРМЕҢКЕ МЕН КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Мақаш ауылдық округінде орналасқан №165 сайлау учаскесінің аумағы мерекелік көңіл-күйге бөленген. Күй күмбірлеп, тұрғындар шат-шадыман, қуанышты күйде. Өз таңдауын жасаушыларға Шабыт ауылдық кітапханасы арнайы кітап көрмесін де ұйымдастырған. Сайлаушылар көрмедегі өзіне ұнаған кітабымен танысып, рухани азыққа кенелуде. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Мөлдір Қажыбаева дауыс берушілер үшін жәрмеңке өткізуде. Бұл жерде азық-түліктер әдеттегіден 10-15%-ға төмен бағада сатылуда. Саяси науқанға келген халық дауыс беріп қана қоймай, тиімді сауда жасап та үлгеріп жатыр.

Еркеназ Қалижан


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button