Есептен шығару талоны арқылы дауыс берді

oz erki Сайлау

Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Томарлы ауылының мәдениет үйінде орналасқан №267 сайлау учаскесінде 45 адам дауыс берді.
№267 сайлау учаскесінің төрағасы Жұмазия Нысамбекованың айтуынша, сайлау учаскесінде 2410 сайлаушы тіркелген.
Сайлау учаскесіне тұрғылықты мекен-жайынан есептен шығару куәлігін алып, Атырау қаласында дауыс беру құқығына ие болған Астана қаласының тұрғындары Әлия Елеубаева мен Жеңісбек Сәрсенбай да дауыс беруге ерте келгендердің қатарында. Сайлау күні сапарға шыққан олар тұрғылықты мекен-жайынан есептен шығару талонын ала келіпті. Бұл қағазбен кез-келген сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге құқылы екендігін білетін жолаушылар елдің ертеңі айқындалар тұста мұндай саяси науқаннан тыс қалмау керектігін айтады.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз