Атырау облысында сайлау бюллетеньдеріне 442 кандидат енгізілді

fce5bfe3 d8ef 42c1 b236 04791a5a9968 Сайлау

Облыста саяси партиялардың 2469 сенімді тұлғасы мен кандидаттар тіркелген.

Атырау облысында сайлау бюллетеньдеріне 442 кандидат енгізілді. Мәжіліске 11 кандидат, облыстық мәслихаттың 6 партиялық тізімі бойынша 60 кандидат, облыстық мәслихаттың 15 бір мандатты сайлау округінде 39 кандидат, Атырау қалалық мәслихатына 71 кандидат, 7 аудандық мәслихатқа 261 кандидат.

Облыстық сайлау комиссиясы 6 жергілікті қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеді. Тізімдер комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған.

Аймақтағы сайлаушылар саны 412 165 адамды құрады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз