Жарнама
Сайлау

Томарлықтар жаңа әкімге үміт артады

Қайыршақты ауылдық округіндегі ауыл әкімін сайлау науқанында ауыл тұрғындары өз дауыстарын беріп, жергілікті билікке тікелей ықпал етуге мүмкіндік алып отыр. Бұл – ауыл дамуына бейжай қарамайтын азаматтар үшін маңызды сәт.

Ауылдық округке қарасты Томарлы ауылында орналасқан Қайырғали Смағұлов атындағы орта мектеп ғимаратындағы №64 сайлау учаскесі таңертеңгі сағат 7:00-де есігін ашты. Учаскеде 2100-ге жуық сайлаушы тіркелген. Сайлау процесін 9 адамнан тұратын учаскелік сайлау комиссиясы қадағалауда.

eeec7a88 e8d3 4d36 b6bd 0528a0ce915e

Ең алғашқы болып дауыс берген – ауыл тұрғыны Бақтыбек Жақсимов. Ол бұл науқанға үлкен жауапкершілікпен қарап, азаматтық борышын өтеу әрбір сайлаушының міндеті екенін айтты.

– Әкім – халық пен билік арасындағы көпір. Сондықтан бізге сенімді, іскер басшы керек. Өз таңдауымды жасап шықтым, – деді алғашқы дауыс беруші.

Сайлау учаскесінде қажетті санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де арнайы жағдайлар қарастырылған. Комиссия мүшелері сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне барынша көңіл бөлуде.

Қазіргі уақытта учаскеде дауыс беру белсенді жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары мен бақылаушылар тарапынан ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.

Ауыл тұрғындары бұл сайлаудан жаңа әкімнің ауыл дамуына серпін береріне сенімді.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button