СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

maulen sailau Сайлау

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сенат спикері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген. Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген. Бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов дауыс берген еді. Одан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз