Ашықтық салтанат құрып келеді

2021 07 19 azanovvv Саясат

Бұл өте дұрыс шешім деп есептеймін. Өзін-өзі басқару заңы жетіліп, ашықтық жолға қойылып келе жатыр. Сондықтан да Президентіміз Қ.Тоқаевтың саясатын қолдаймыз.

Басқа партиялар да өз үміткерлерін ұсынып жатқан болу керек. Қоғам осындай қарама-қайшылықтардан дами- ды. Біздің ауылдан түскендерді де көріп отырмыз. Ауылдың сайлауға деген құлшынысы жақсы. Мәселе, сайлаудың әділ өтуінде.

Күнделікті әңгімеде де осы мәселе айтылып жүр. Енді жаңа сайланатын әкімге жүктелер жауапкершілік те жоғары. Халықпен жұмыс жа- сау оңай емес. Жер мәселесі, ауыл малының жайылым жерін қорғау, тазалықты талап етіп, тәртіпті қамтамасыз ету сынды өзге де жұмыстар бар.

Қайткенде де бұл – ауыл үшін жаңа серпін, тың баста- ма. Осыны әр ауыл тұрғыны жете түсініп, азаматтық құқығы ретінде сайлау мәдениетін қалыптастырып, өзінің таңдауын білдіруі керек.

Жеңіс АЗАНОВ,

еңбек ардагері,

2004-2006 жылдардағы мәслихат депутаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз