Партияның ұстанымы – айқын

prrprprpr Саясат

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері Құрманғазы ауданында болып, жұртшылықпен жүздесті.

Қиғаш бойындағы алғашқы жиын аудан орталығында – Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде өтті.

Оған Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына ұсынылған кандидат-тар Нұрлан Мүтәлиев, Өркен Қапанов, Қадырбек Мағзомов қатысты. Жиынды кіріспе сөзбен ашқан «Ауыл» ХДПП Атырау облысы өңірлік филиалының төрағасы Қадыржан Арыстан кездесуге қатысушыларды өзі жетекшілік ететін саяси ұйымның ұстанған бағытымен, кандидаттардың өмірбаяндары,  сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.Кандидаттар  атынан  сөз алған Өркен Қапанов алда өткелі отырған сындарлы саяси доданың ерекшеліктеріне, маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар тарапы-нан қойылған сауалдарға жауап-тар қайтарылды. Ауыл тұрғыны Наурызбай Өтеулиев бүгінде елді мекеннің маңынан өтетін жаңа жол құрылысының аяқтала келгенін ай-тып, оның үстіне жаяу жүргінші өткелін салу жөнінде тілегін жолдады. Ал, ардагер ұстаз Ермекқали Бисенов орталықтан шалғай жатқан ауылдарға интернет желісін тарту туралы мәселе көтерді. Бұл  күні  осындай  кезде-су  ауданның  Сафон  ауылын-да орналасқан «Құрманғазы ор-ман  шаруашылығы және жануарлар дүниесі» мемлекеттік мекемесінде жалғасты. Ауданда ұйымдастырылған сайлаушылармен жүздесу жиындары-на өңірдегі шаруа қожалықтарының жетекшілері, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Байыпты әңгіме, салиқалы сауалға құрылған, негізінен ауылдың өзекті проблема-лары талқыға салынған басқосулар азаматтардың жоғары белсенділігі жағдайында өтті.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз