АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН АТЫРАУ

Руханият

Алыстан келген қонақтардың бірі – белгілі ғалым, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім:
– Халқымыздың өмірінде айта қаларлықтай керемет оқиға орын алып отыр. Ол – Жұмекен ескерткішінің ашылуы. Мемлекетіміздің Әнұранын жазу – «менмін» деген ақындардың ғана арманы болса, ол тек Жұмекеннің маңдайына жазылған бақыт. Ал, Жұмекенді туған осы киелі топырақ, өздеріңіз. Сондықтан, сіздер Жұмекендеріңізбен алабөтен бақыттысыздар, қуаныштарыңызды ұзағынан сүйіндіргей, – деп тебірене толқыды.
– Жұмекеннің әрбір тұрғынның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатуы – заңдылық та. Өйткені, Қазақстанның солтүстік облыстарының тағдыры талқыға түскенде 21 жастағы балаң ақын «Менің жерім, менің елім» деп халықтың өршіл рухын оятқан осы әнді туғызды. Сөйтіп, ол алып империяға ымыраға келмейтін қарсылығын білдірді. Бүгін – тамаша, ұмытылмас күн. Өзінің атымен аталатын саябағындағы бұл ескерткіш әз жұртының қуанышты сәттерінің куәсі боларына, еркін елдің үлкен-кішісін келер күндердің ұлы мұраттарына жігерлендіреріне сенімдімін, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған