Баянды болашаққа бетбұрыс

1522746294 1100 500 6 Қоғам

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшу заман талабы екендігін баса айтқан болатын. Латын әліпбиінің тиімділігін халыққа жете түсіндіру мақсатында Қоныстану ауылдық кітапханасы да түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Кітапханада тақырыпты қамтитын көрме жасақталып, оқырмандарға таныстырылды.

1522746294_1100-500-6

Сонымен қатар, кітапханашылар ауылдағы үй-үйді аралап, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізуде. Жалпы алғанда латын әліпбиіне көшу – халқымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс екені анық. ХХ ғасырда қазақ тілі латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісін қолданды. Енді, міне, бүгін даналарымыз қалдырған жәдігерлерді жаңаша оқып, өзімізге қайтаруға зор мүмкіндік туғалы тұр. Осынау мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарасақ, шет тілін білетін мамандарға, студенттерге, оқушыларға, балабақша бүлдіршіндеріне үйрену көп қиындық туғызбайды деп ойлаймын.

Анар ЖҮСІП,

Қоныстану ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз