![Тиісті заңдылықтар сақталуда 1 img 20241006 wa0067 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/10/img-20241006-wa0067-1-780x470.jpg)
Референдум
Тиісті заңдылықтар сақталуда
№12 референдум учаскесіндегі дауыс беруге (Атырау сервис колледжінде орналасқан) Зәуреш Ибрашева байқаушы болып қатысып отыр. Ол мұнда таңғы сағат 6.00-де келіпті. Сол уақыттан бастап әзірлік жұмыстарына кіріскен.
– Бұл учаскеде дауыс беру қарқыны көңіл көншітерлік. Таңғы сағат 7.00-ден бастап тиісті заңдылықтарға сәйкес референдум учаскесі ашылды. Қазіргі сәтте дауыс берушілер келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Бүгінгі референдум салмақты өтуде деп есептеймін. Заңсыздықтар мен тәртіп бұзушылықтар байқалған жоқ”,-деді Зәурен Ибрашева бізбен әңгімесінде.
Айбөпе САБЫРОВА