Атырауда 263 тәуелсіз байқаушы референдумды бақылауда
Қазір облыста 700 мыңнан астам тұрғын бар, оның 450 мыңнан астамы 18 жастан асқан саяси науқанға қатыса алатын азаматтар. Аймақта 263 сайлау учаскесі болса оның ішінде 11-і жабық. Сонымен қатар 263 тәуелсіз байқаушы бар.
Құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, сарапшылар, қоғам белсенділері енгізілген байқаушылар референдум алдында арнайы оқыту тренингіне қатысты.
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының байқаушыларға арналған семинар тренингіне Атырау облысы және қала бойынша жалпы саны 263 байқаушы қатысты. Байқаушылар облысымыздағы барлық сайлау учаскесін толықтай қамтиды. Байқаушылар референдум барысын, ашықтық пен дауыс беру тәртібінің орындалуын қатаң түрде қадағалау үшін жіберілді. Байқаушылардың барлығына оқыту жұмыстары ұлттық заңнама және халықаралық стандарттарға сай өткізілді» дейді «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы РҚБ Атырау облысы филиалының жетекшісі Дәурен Сейтқалиев.