Жарнама
Құқық

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуі ең алдымен отбасының амандығына байланысты. Өкінішке орай, бүгінде отбасында орын алатын зорлық-зомбылық әлі де өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр.

Бұл ретте, статистикалық мәліметтерге сәйкес республика бойынша 2025 жылдың 7 айдың қорытындысымен 76 512 қылмыс тіркелген, алдыңғы жылдың осы кезеңімен 8257 салыстырғанда 7,3%-ға азайған.

Алайда, отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар әлі де алаңдатарлық деңгейде. 2025 жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша 2026 отбасылық-тұрмыстық салада қылмыс жасалған. Оның 99%-ы денсаулыққа қасақана зиян келтіруге байланысты (2 009 қылмыс), оның ішінде: ұрып-соғу 1 166, денсаулыққа қасақана зиян келтіру — 739, адам өлтіру 43 дерек.

Соңғы кездері тұрмыстық қылмысқа қоғам мен құқық қорғау органдарының назары айрықша аударылуда. Өйткені қарапайым отбасылық жанжалдар уақыт өте келе ауыр зардаптарға әкеліп, денсаулыққа және тіпті адам өміріне қауіп төндіреді. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептеріне әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, жұмыссыздық, тұрмыстық проблемалар, маскүнемдік пен нашақорлық, мәдени деңгейдің төмендігі, сондай-ақ балалық шақта көрген теріс тәрбие жатады.

Мұндай зорлық-зомбылық жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар психологиялық күйзеліске әкеледі, балалардың дамуына кері әсер етеді, олардың қорқыныш пен агрессияға бейім, сенімсіз болып өсуіне себеп болады.

Бұл құбылыс тұтас қоғамдағы әлеуметтік ахуалға да тікелей ықпал етеді. Зорлық-зомбылық жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның қасіреті. Онымен күресу әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Әр отбасында өзара сыйластық пен түсіністік орнап, жылулық пен сүйіспеншілік үстемдік құрғанда ғана қоғамның іргесі берік болады.

Д.ЕРМЕКОВА,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Көліктегі департаменттің аға прокуроры

#заңментәртіп

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button