ЖҰРТТЫҢ ЖҮРЕГІН ҰШЫРҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері рейдерлік басып алумен айналысқан бір топ адамды ұстады.
«2022 жылғы 14 шілдеде ҚПК 128-бабына сәйкес мына азаматтар қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды: 1983 жылғы Танашев Тимур Сержанұлы, 1992 жылғы Бабаев Рауан Тимурұлы, 1990 жылғы Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1977 жылғы Абижанов Дастан Мәдиұлы», — делінген хабарламада.
15 шілдеде Алматы қаласы мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сондай-ақ Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жарияланды. Сот оны қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.
Бұған қоса Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.
Қаржы мониторингі агенттігі осы күдіктілердің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтардан ведомствоның сенім телефонына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуды сұрайды.
Дереккөз: sputnik.kz