Жарнама
Құқық

Жолдау жарқын болашаққа жол салады

Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президенттің осы жылғы Жолдауы Жаңа Қазақстанды әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген құжат деп айтуға болады.

Онда көтерілген мәселелердің бірі – құқық қорғау органдарын реформалау туралы болды. Бұл сала әрдайым қоғамның жіті назарында болуы керектігі айтылды. Мемлекет басшысы Жолдауда «Қасіретті қаңтар» оқиғасы тәртіп сақшылары үшін нағыз сынақ болды. Ол кезде арандатушылардың кесірінен шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оның ақыры мемлекетке қарсы бүлік шығаруға әкеп соқтырды. Жұртты арандатушылардың көбі шартты немесе жеңіл жазамен құтылып кетті. Шын мәнінде, олардың кінәсі әлдеқайда ауыр. Өйткені, жағдайды қасақана ушықтырды. Соның салдарынан іс насырға шауып, қайғылы оқиғалар болды» деп қаңтар оқиғасындағы бассыздықтар туралы ойын жеткізді. Елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау туралы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсыратынын айтты. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейтінін ескертті.  

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы да Әділетті Қазақстанды құруға бағыттала отырып, елімізде заң бұзушылықтарға жол берілмеуі керектігі туралы болды. Еліміздің ішкі-сыртқы тыныштығы мен саяси ахуалын бекем сақтап, бірлікте болуға шақырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімі осы Жолдауда қойылған тапсырмаларды абыроймен атқарып, еліміздің тыныштығын сақтау жолында қарқынды қызмет ететін болады. «Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз», — деп, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бірлікте болайық!

Ерлан ИПАТОВ,

5546 әскери бөлімінің командирі, подполковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button